Еске сала кетсек, бұған дейін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев коронавирус инфекциясымен күрес бойынша жұмыстарға қосымша 238,7 млрд теңге бөлінетінін Үкіметте айтқан еді.
«Осы қаражат шеңберінде келесі шаралар жоспарланып отыр: карантин іс-шараларын жүргізуге тартылған медицина қызметкерлеріне жалпы сомасы 143,4 млрд теңгеге қосымша ақы төлеледі. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде COVID – 19-дың таралуына жол бермеу мақсатында медициналық қызметтерге 83,2 млрд теңге беріледі. Сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметкерлеріне эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін сыйлықақы үшін 11,7 млрд теңге аударылады», - деді ол.