«Ер адам дөрекі түрде кабинаға басқа қонақтың кіруіне рұқсат бермеді. Қызметкер қонақты кабинаға отырғызуға тырысқанда, ер адам есікті жауып қана қоймай, оны ұрып жіберді», - деп жазды «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының директоры Ринат Әбдірахманов.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, «Шымбұлақ» қызметкерінің арызы 12 тамыз күні түсті.
«Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдікті мен істің басқа да мән -жайлары анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша ҚР заңнамасына сәйкес шара қолданылады», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.