«Тергеу барысында 27 және 25 жастағы екі қатысушы есірткіні жеткізуге, қаржыландыруға және сақтауға жауапты негізгі ұйымдастырушылары екені белгілі болды. Топтың қалған мүшелері елорда аумағында синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан», - делінген хабарламада.
Тінту кезінде 330 бума есірткі заттары, электронды таразылар, көптеген магниттер мен қапшықтар табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы шамамен 1 келіні құраған. Олар мефедрон, MDMA (экстези), Alfa PVP (скорость) сияқты синтетикалық препараттар.
Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау және тасымалдау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды.