Полиция формасын киіп, әдепсіз би билеген блогер жауапқа тартылды

АСТАНА. KAZINFORM – Полиция формасын киіп, әдепсіз би билеген блогер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Фото: видеодан алынған скрин

Түркістан облысында TikTok әлеуметтік желісіне жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері полиция формасына киіп, әдепсіз би билеген қыздың бейнежазбасын анықтады.

Тексеру барысында бейнежазбаның авторы Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны Арайлым Жиенбаева екені анықталды. Оның әрекетіне құқықтық баға берілді.

Сот шешімімен блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

-Полицияның нысанды киімі әлеуметтік желіде назар аудартудың құралы емес. Әр адам құқыққа қайшы әрекеті үшін заң аясында қатаң жауапқа тартылады,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Ақтөбе облысында TikTok-та балағат сөз айтқан тұрғын қамауға алынған болатын.