Күдікті тұлғалар шамамен 1 миллиард теңге сомасындағы қаржыны алаяқтық жолмен жымқырды деп айыпталуда.
Тергеу мәліметінше, зауыттың бір топ қызметкері өз әрекеттерін алдын ала жоспарлап, өндірістік қалдықтарды зауыт аумағынан шығарып, Теміртау қаласына жақын маңдағы иесіз жерге тиісті утилизациясыз төккен.
Қазіргі уақытта қылмыстық қудалау аясында 14 адам тергеліп жатыр.
Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.
Айта кетейік, бұған дейін Qarmet металлургия зауытында мердігер ұйымның екі жұмысшысы қаза тапты.