PAŻP мәліметінше, мұндай шешім мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты Польша Қарулы күштерінің жедел қолбасшылығының сұранысы бойынша қабылданған. Шектеулер 10 наурыздан бастап күшіне еніп, 2026 жылдың 9 маусымына дейін жалғасады.
Тыйым биіктігі үш километрден төмен деңгейде ұшатын барлық әуе кемелеріне қатысты болады. Ұшуға тыйым салынған аймақ тәулік бойы әрекет етеді.
Сонымен қатар азаматтық және санитарлық авиация ұшақтарына ерекше жағдай қарастырылған. Мұндай рейстер арнайы рұқсат болған жағдайда ғана жабық аймақ арқылы ұша алады, деп нақтылады агенттік.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың қыркүйегінде Польша әуе кеңістігіне ішінара шектеулер енгізген еді. Ол кезде ел аумағында оннан астам ұшқышсыз ұшу аппараты тіркеліп, сондай-ақ қайдан шыққаны белгісіз зымыран құлағаннан кейін Беларусь және Украинамен шекара бойында шектеулер қолданылған еді.
Айта кетейік, Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына 15 елге бармау ұсынылды.
Ал НАТО Түркияға жасалған зымыран шабуылынан кейін әскери дайындығын күшейтпек.