Президент Портудағы Сан-Жуан университетінің ауруханасына жатқызылып, оған грыжаға ота жасалды. Президент сайтында жарияланған хабарламаға сәйкес, ота сәтті өтті.
CNN Portugal арнасын хабардар еткен мәлімдемесінде аурухананың директорлар кеңесінің төрағасы Мария Жуан Баптиста отаның жеңіл әрі дер кезінде жасалғанын, ешқандай асқынулар болмағанын айтты.
Президент ауруханада екі күн ем алады. Оның алдағы жұмыс кестесі тоқтатылды.
Бұған дейін Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонаруға ота жасалғаны хабарланған болатын.
Сондай-ақ, біз Ақ үй Трамптың МРТ нәтижелерін жариялағанын хабарладық.