Пошта қызметкерінің «кунг-фу өнері» жұрт назарын аудартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда пошта қызметкерінің сәлемдеме қорабын өте жылдам орап бергені туралы видео ғаламторда көп қаралуда. Youtube видеохостингінде орналастырылған қысқа ролик БАҚ және әлеуметтік желі пайдаланушыларының қызығушылығын тудырған, деп хабарлайды newsru.com сайты.

Қытай басылымдары «кунг-фушы пошта қызметкердің өнері керемет» деп жазса, біреулер оны «Кунг-фу панда» мультфильм кейіпкерімен де салыстырған.

Естеріңізге сала кетсек, кунг-фу немесе у-шу секілді жауынгерлік өнер қытай тілінде «шеберлік» деген мағына береді. Оны аспапты жылдам ойнайтын сазгер, қолы қолына жұқпайтын ісмерлерге де қаратып айта береді.