Іс материалдарында көрсетілгендей, 69 жастағы ер адам жолаушылар пойызында түнде жанындағы жәбірленушіге қарап жатып әдепсіз қылықтар жасаған. Тиісіп, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғаның тыныштығын бұзған.
- Сотта құқық бұзушы осы жасаған әрекеттерін мойындаған. Осылайша құқық бұзушының әрекеті жәбірленушінің ішкі істер органдарына берген арызымен, жазбаша көрсетуімен, көліктегі полиция бөлімі қызметкерінің баянатымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен дәлелденген. Сот жаза қолдануда оның егде жаста екенін ескерді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен 86500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, - делінген хабарламада.
Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.
Бұған дейін TikТok-тағы тікелей эфирде бейәдеп сөз айтқан қызылордалық бойжеткен жазаланды.