«Есіркепов пышақ жарақатын алғандығы жайында жолсерікке таңғы сағат 4-те айтқан. Жолсерік бұл жайында Шу стансасының медициналық бекеті мен полицияға хабарлаған. Пойыз стансаға келгеннен кейін зардап шеккен азамат шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Оның үш жерден пышақ жарақатын алғандығы анықталды. Біреуі көкшандырға кіргенімен, ішкі ағзаға зақым келтірмеген. Қазіргі уақытта оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, аталған қылмысты ашу үшін ІІМ мен көліктегі ішкі істер департаментінің тәжірибелі қызметкерлерінен жасақталған жедел тергеу тобы құрылған.
«Пойыздың жолсеріктерін, жолаушыларды тергеу және қылмыскерді анықтауға бағытталған басқа да жедел тергеу шаралары жүргізілуде. Бұл істі Ішкі істер министрлігі бақылауына алды», - деді Садубаев.