«Жыл басынан көліктегі полиция өкілдері құқық бұзған 39 793 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде қоғамдық орында темекі шеккен 2719 азамат бар. Мысалы, 19 қыркүйекте «Маңғыстау-Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар пойызында шылым шеккен 2 ер адам жауапқа тартылды. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 441-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген ресми мәліметте.
Еске салсақ, 28 тамыздан бастап Қазақстанда жолаушылар пойызында темекі шегуге толық тыйым салынған. Осы аралықта көлік полицейлері тыйымға құлақ аспаған 79 адамды жауапқа тартқан.