Партияішілік іріктеудің екінші кезеңі аясында партияның қалалық филиалының конференциясына 34 кандидат қатысып, дебат қорытындысы бойынша дауыс берілді. Ең көп дауыс жинаған 17 кандидат облыстық мәслихат депутаттарының сайлауына қатысу үшін партиялық тізімге ұсынылды. Сондай-ақ қалалық мәслихаттағы 30 орынға 43 адамнан тұратын партиялық тізім бекітілді.
Талдау нәтижесі көрсеткендей, тізімдегі әйелдердің үлесі 5 пайыздан 30 пайызға дейін, ал 35 жасқа дейінгі жастар үлесі 21 пайызға өсті. Тізімдегі адамдардың 51 пайызын шағын және орта бизнес өкілдері құрады. Сондай-ақ, конференцияда қалалық филиалдың сайлауалды бағдарламасы бекітіліп, партияның облыстық филиалының конференциясына делегаттар сайланды.
Айта кетейік, партиялық ішкі іріктеудің бірінші кезеңіне Ақтөбе қаласы бойынша 138 кандидат қатысты. Оның 32% әйел, 27 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар. 12 мыңнан астам партия мүшесі дауыс беруге қатысты.
02:18, 12 Қараша 2020
Праймериз: Ақтөбе қалалық мәслихатына арналған тізімінде әйелдердің үлесі 6 есеге артты
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы Ақтөбе қалалық филиалының кезектен тыс ХХXII конференциясы өтіп, қалалық мәслихатқа арналған партиялық тізім анықталды. Бұрынғы шақырылымның депутаттарымен салыстырғанда тізімдегі әйелдердің үлесі 25 пайызға, ал жастардың үлесі 21 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.