АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 1-турында алматылық «Қайрат» және «Атырау» командалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматылық клуб жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Нәтижесінде 17-минутта «Қайрат» шабуылшысы Артур Шушеначев көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ал, 23-минутта Гүлжігіт Алықұлов есепті үстемелей түсті.
Оған «Атырау» сапынан Демир Имери 37-минутта бір голмен жауап қайырса, 66-минутта Евгений Козлов таразы басын теңестірді.
Осылайша, командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Айта кетсек, 4 наурызда ел біріншілігінің алғашқы турында «Ордабасы» өз алаңында «Каспийден», «Тобыл» «Ақсудан», «Астана» «Шахтерден» басым түсті. Ал, сырт алаңда «Ақтөбе» «Жетісуды» сүріндірді.
Алғашқы турды «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл) кездесуі түйіндейді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.