Аталған турды Шымкентте жергілікті «Ордабасы» мен Алматының «Қайраты» қорытындылады.
Кездесу барысында командалар гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Шымкенттік клуб жиі шабуыл ұйымдастырды. Оған алматылық қорғаушылар лайықты төтеп бере білді.
Ойынның 76-минутында «Қайрат» қақпасына белгіленген пенальтиді Асхат Тағыберген соға алған жоқ.
Матч тағдырын шешкен голды «Ордабасы» ойыншысы Бернардо Матич 96-минутта соғып кетті.
Осылайша шымкенттік команда қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.
Еске салайық, бас жүлдеден тағы бір үміткер команда «Астана» елордада «Қайсармен» 1:1 есебімен тең түсті.
Нәтижесінде «Ордабасы» командасы турнир кестесінде «Астанадан» сегіз ұпайға ұзап кетті. Шымкентік клубтың еншісінде 48 ұпай бар. Оған қоса елордалық командаға бір ойынды кем өткізген.
Сондай-ақ, дәл осындай есеп «Ақтөбе» мен «Тобыл» кездесуінде тіркелді.
Тағы бір кездесуде «Жетісу» «Мақтааралға» 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетсек, 19 тамызда «Шахтер» «Оқжетпестен» 2:0, «Ақсу» «Атыраудан» 4:1 есебімен басым түссе, «Каспий» «Қызылжарға» 1:2 есебімен жол берді.