Премьер-лига: «Астана» өз алаңында «Қайсармен» кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 20-турында елордалық «Астана» Қызылорданың «Қайсарымен» тең түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Премьер-лига: «Астана» өз алаңында «Қайсармен» кездесті

Соңғы екі турда елордалық команда бір ойында тең түсіп, біреуінде қарсыласына есе жіберді. Чемпиондыққа үміткер ұжым үшін бұл турнир кестесінде өз қиындығын алып келді. Салдарынан бас жүлдеге ұмтылып жүрген «Ордабасыдан» турнир кестесінде алты ұпайға қалып қойған еді. Сондықтан бүгінгі кездесуде елордалық команда жеңіске жетуге бар күшін салатыны белгілі болды.

Десе де, «Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян алғашқы минуттан негізгі құрамға өзгерістер енгізді. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Қызылордалық клуб алаң иелеріне лайықты төтеп бере білді.

Екінші кезеңде елордалық команда құрамына тың ойыншылар қосылды. Нәтижесінде 68-минутта Тимур Досмағамбетов өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.

Командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Бүгін тағы бір кездесуде «Жетісу» «Мақтааралға» 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Дәл қазір «Ақтөбе» мен «Тобыл» кездесу өтіп жатыр. Алғашқы кезеңнен кейін қостанайлық команда 1:0 есебімен басым түсуде.

Ал 20.00-де «Ордабасы» мен «Қайрат» кездесуі басталды. Әзірге есеп - 0:0.

Айта кетсек,19 тамызда «Шахтер» «Оқжетпестен» 2:0, «Ақсу» «Атырауды» 4:1 есебімен жеңсе, «Каспий» «Қызылжарға» 1:2 есебімен жол берді.