АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 10-турында «Қайсар» сырт алаңда «Қайратты» жеңіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жанкүйерлер алматылық «Қайрат» өз алаңында Қызылорданың «Қайсарын» қабылдады.
Алматылық клуб биыл команданың өз түлектеріне үміт артып келеді.
Соған қарамастан турнир кестесінде жүлделі орынға таласатын ұжымдар қатарында саналып отыр.
Бүгінгі кездесуде қызылордалық клуб жинақы қимыл көрсетті.
Нәтижесінде олардың қатарынан Загре Бен Азиз 10, Дмитрий Бородин 24. 48-минутта үш мәрте мергендік танытты.
Осылайша «Қайсар» қарсыласын 3:0 еесбімен жеңіп кетті.
Дәл қазір «Ақтөбе» мен «Каспий» (Ақтау), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) кездесулері өтіп жатыр. Әзірге есеп - 0:0.
Айта кетсек, бұдан бұрын «Тобыл» «Мақтаралдан» 1:0 есебімен басым түсті.
Еске салсақ, 20 мамырда «Жетісу» өз алаңында «Атыраудан» 0:3 есебімен жеңілді.
Ал «Шахтер» «Ақсуды» 2:1, «Астана» «Қызылжарды» 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.