Премьер-лига: «Астана» «Қызылжардан» басым түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 10-турының алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турдағы бірінші кездесу «Жетісу» (Талдықорған) мен «Атырау» командалары арасында өтті. Ойын барысында атыраулық клуб сапынан Евгений Козлов – 5, Нгунгуси Эффионг – 24, Игорь Стасевич 58-минутта гол соқты.

Осылайша «Жетісу» қарсыласына 0:3 есебімен жол берді.

Ал «Шахтер» (Қарағанды) – «Ақсу» (Павлодар облысы) кездесуінде алаң иелері 2:1 есебімен басым түсті. Олардың қатарынан Иван Свиридов – 44, Максим Галкин 91-минутта мергендік танытса, оған Дамир Марат 48-минутта бір голмен жауап қайырды.

Сондай-ақ елордалық «Астана» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжарынан» 3:2 есебімен басым түсті. Алдымен «Астана» сапынан Вараздат Ароян – 17, Абат Айымбетов 27-минутта гол соқты. Ал «Қызылжар» ойыншылары Витор Родригес Хосе – 39, Иван Граф 89-минутта қақпаны дәл көздеді, есеп – 2:2. Жеңіс голын 97-минутта елордалық Эльхан Астанов соқты.

Енді 21 мамырда «Тобыл» (Қостанай) мен «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Қайрат» (Алматы) пен «Қайсар» (Қызылорда), «Ақтөбе» мен «Каспий» (Ақтау) жасыл алаңға шығады.

Аталған турды сағат 21:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) командалары түйіндейді.

Еске салсақ, футболдан бірінші лигада «Тараз» қатарынан бесінші мәрте жеңілді.


Соңғы жаңалықтар