«Дайындық жаман емес. Бірақ күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстарының аяқталмағанын көріп отырмыз, кей өңірлерде балаларды тасымалдау, оқулықпен және ыстық тамақпен қамту мәселесі толық шешілмеген. Сондықтан құрметті әкімдер, аталған мәселелерді 1 қыркүйекке дейін шешуді сұраймын», - деді Премьер-Министр бүгінгі Үкімет отырысы барысында.
Е.Сағадиевтің айтуынша, биыл бірінші сыныпқа 380 мың бала барады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10,5 мыңға артық.
1 қыркүйекке қарай, 35 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Еліміздің 300 мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды және 410 мектепте - ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлық жұмыстар 25 тамызға дейін аяқталады.