Премьер-лигадағы наурыз айында кімдер үздік футболшы болды
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан кәсіби лигасының шешімімен наурыз айының үздік бапкері мен ойыншылары анықталды, деп хабарлайды Sport12kz.
Оған бапкерлер мен капитандар дауыс берді. Нәтижесінде бірдей ұпай жинаған Марин Томасов («Астана») және Дастан Сәтпаев («Қайрат») үздік ойыншы деп танылды. Ал үздік бапкер номинациясына Григорий Бабаян («Астана») ие болды.
Ел біріншілігінде Марин Томасов 6 ойында 5 гол соғып, сұрмергендер көшін бастап тұр. Ал Дастан Сәтпаев сұрмергендер көшінде 7 кездесуде 4 мәрте мергендік танытты.
Ал Григорий Бабаянның жетекшілігімен «Астана» 6 кездесуден кейін 14 кездесуден кейін екінші орында келеді.
Еске салсақ, футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының үшінші туры мәресіне жетті.
Аталған турдан кейін «Томирис-Тұран», БИИК, «Ақтөбе» 7 ұпаймен көш басында келеді.