Футболдан әйелдер лигасында БИИК пен «Ақтөбе» тең түсті

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының үшінші туры мәресіне жетті.  

Футболдан әйелдер лигасында БИИК пен «Ақтөбе» тең түсті
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Алғашқы екі турда жеңіске жеткен шымкенттік БИИК және «Ақтөбе» командалары бұл жолы өзара кездесті. Ойын барысында командалар үш ұпай олжалауға бар күшін салды. Жеңгені турнир кестесінде жеке-дара көш басына шығатын еді.

Қарсыластар тартысты ойын өткізді. Нәтижесінде 2:2 есебіне қанағат білдірді.

Сондай-ақ аталған турда көшетаулық «Оқжетпес» қарсыласына ірі есеппен жеңіліп қалды. Бұл турда алматылық «Қайратқа» 1:14 есебімен жол берді. Олар үш турда небәрі 2 гол соғып, өз қақпасына 40 гол жіберіп алды.

Екінші турдың ойын кестесі:

«Оқжетпес» (Көкшетау) — «Қайрат» (Алматы) 1:14
«Жетісу» (Талдықорған) — «Атырау» 3:2
«Ұлытау» (Жезқазған) — «Астана» 1:0
«Елімай» (Семей) — «Қызылжар» (Петропавл) 1:3
«Қайсар» (Қызылорда) — «Жеңіс» (Астана) 1:1
БИИК (Шымкент) — «Ақтөбе» 2:2
«Тобыл» (Қостанай) — «Томирис-Тұран» (Түркістан) 0:8.

Аталған турдан кейін «Томирис-Тұран», БИИК, «Ақтөбе» 7 ұпаймен көш басында келеді.

Енді алдағы тур ойындары 5 мамыр күні өткізіледі. 

Айта кетсек, бұдан бұрын футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының алтыншы туры мәресіне жетті.

Соңғы жаңалықтар