Президент Ақтөбеде озық үлгілі жылыжай кешенін көрді

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Ақтөбе облысындағы жұмыс сапары кезінде Елбасы озық үлгілі Ultra-Clima инновациялық жүйесі қолданыла отырып салынған жылыжайды аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президентіне осы жобаның көкөністі бүкіл өңірге жеткізу, сондай-ақ оны таяу және алыс шет елдерге экспорттау мүмкіндіктері жөнінде баяндалды.    

***

Кәсіпорынның өнімдік қуаты - жылына 6 мың тонна көкөніс. «Greenhouse Kazakhstan» жылыжай кешені «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының қолдау көрсетуімен мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынған.