Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты
АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттер басшыларымен бірге Ереванда Карен Демирчян атындағы спорттық-концерттік кешенде ұйымдастырылған COP17 қарсаңындағы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылу салтанатын тамашалады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Фото: Ақорда
Іс-шара аясында мәртебелі меймандарға Жер шарының биоалуантүрлілігін сақтау және табиғатты аялау сияқты жаһандық мәні зор тақырыпқа арналған көрнекті интерактивті шоу көрсетілді.
Фото: АқордаФото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне қатысу үшін Ереванға барғанын жазған едік.
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.