АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының сессиясына қатысу үшін 28-29 наурыз күндері Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент бұл елде Боао Азия форумының сессиясына қатысады. Сондай-ақ ҚХР басшылығымен, халықаралық ұйымдардың және Қытайдың ірі компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясында «Азия және әлем: ортақ міндеттер, ортақ жауапкершілік» ұранымен Боао Азия форумы (БАФ) басталды.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.