Хайнаньда Боао Азия форумы өтіп жатыр

forum
Photo: freepik.com

ХАЙНАНЬ. KAZINFORM – Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясында «Азия және әлем: ортақ міндеттер, ортақ жауапкершілік» ұранымен Боао Азия форумы (БАФ) басталды.

Дәстүр бойынша БАФ баспасөз конференциясымен ашылады, онда ұйымдастырушылар Азия аймағындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы баяндамалар жасайды деп күтілуде.

Форум төрт күн бойы өтеді, оның барысында 50-ге жуық іс-шара ұйымдастырылады. БАФ-тың ашылу салтанаты 28 наурызға жоспарланған, оған ҚХР Парламентінің спикері Чжао Лэцзи, шет мемлекеттердің жетекшілері мен ірі халықаралық ұйымдардың басшылары қатысады.

БАФ алаңында 5 мыңға жуық адам, оның ішінде 1 мыңнан астам журналист жиналады.

Форумға қатысушылардың қатарында БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бас хатшысы Қайрат Сарыбай, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының Бас хатшысы Као Ким Хорн, ЭЫДҰ Бас хатшысы Матиас Корманн, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзинь Лицюнь бар.

Соңғы жаңалықтар