Президент бір топ ұстазға мемлекеттік наградалар табыстады

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысының Жарлығымен білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталды:

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы беріледі

  • Байсаринова Раушан Алтыбайқызы – Өскемен қаласы Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия интернатының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
  • Дәуітова Светлана Қадырқызы – Алматы қаласы № 59 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
  • Испанова Ләззат Сарқытбайқызы – Жетісу облысы Қаратал ауданындағы орта мектеп директоры
  • Құдайбергенова Айсұлу Сайлауханқызы – Алматы қаласы № 176 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі
  • Аблемова Шолпан Бақытқызы – Петропавл қаласы № 4 орта мектебінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Фото: Ақорда

«Құрмет» орденімен

  • Әбішева Шолпан Шәріпбайқызы – Алматы қаласы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі
  • Әбуева Раушан Бәкірқызы – Жамбыл облысы Сарыкемер мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
  • Даурықбаева Шұға Амангелдіқызы – Қарағанды қаласы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі
  • Гүл Муаммер – Нұрорда Алматы еуразиялық халықаралық мектебінің мұғалімі
  • Жайырбаева Рысжан Сағдолдақызы – Астана қаласы Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі
  • Қолдашева Оксана Владимировна – Павлодар қаласы Дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі
  • Имашпаева Гүлжайна Ашанқызы – Өскемен қаласы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі
  • Рақымова Гүлнәр Мизинбайқызы – Астана қаласы № 6 гимназия директорының орынбасары
  • Степанова Елена Александровна – Алматы қаласы архитектура, дизайн және инженерия колледжінің өндірістік оқыту шебері

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

  • Айтілеуов Нұртас Әбдуаитұлы – Түркістан облысы Баласағұн атындағы № 4 жалпы білім беретін мектебі математика пәнінің мұғалімі
  • Әбенова Ләззат Өтегенқызы – Қызылорда облысы Толыбеков атындағы № 3 мектеп-лицейі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі
  • Құрмашев Абзал Назымбекұлы – Ақмола облысы Білім-инновация лицей-интернаты тарих пәнінің мұғалімі
  • Әлмішева Ләззат Шайзақызы – Жезқазған қаласы № 3 жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
  • Король Алла Васильевна – Астана қаласы қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің өндірістік оқыту шебері
  • Нәжіметова Зухра Тайырқызы – Шымкент қаласы Гагарин атындағы № 34 орта білім беретін мектебі химия-биология пәндерінің мұғалімі
  • Рақымова Эльмира Ерсәлімқызы – Қостанай қаласы № 1 мектеп-лицейінің мұғалімі
  • Сәбитов Аян Баянбекұлы – Ақтөбе облысы Дарынды жасөспірімдерге арналған Білім-инновация лицей-интернатының мұғалімі
Фото: Ақорда

«Шапағат» медалімен

  • Нұрмағанбетов Ербол Зермұханбетұлы – Алматы қаласы Білім-инновация лицей-интернаты биология пәнінің мұғалімі
  • Әбішева Рысгүл Төкенқызы – Абай облысы Аягөз ауданы № 10 қазақ мектеп-гимназиясының мұғалімі
  • Бахдәулетұлы Ибраһим – Атырау облысы Білім-инновация лицей-интернаты химия пәнінің мұғалімі.

Айта кетейік, Президент мұғалім мәртебесін көтеру үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалатынын айтты.