ҚР Президенті және өзге БРИКС+ саммитіне қатысушылар бірге суретке түсті
АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Мемлекет басшысының БРИКС-тің XVI саммитіне қатысу үшін «Қазан Экспо» халықаралық көрме орталығына келген сәтінен бейнежазба жариялады.
Фото: Ақорда
БРИКС+ саммитіне қатысушылар бірге суретке түсті.
Фото: Ақорда
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен БРИКС-ке мүше мемлекеттер басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазан қаласына жұмыс сапарымен барған болатын.
Мемлекет басшысы БРИКС саммитіне қатысушылармен бірқатар кездесу өткізді.
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.