Президент Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу салтанатына қатысты

АСТАНА.KAZINFORM - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылуы салтанатына қатысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Фото: Ақорда

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жетекші компаниялары басшыларымен кездесті.

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық ғылым мен инновация орталықтарының бірі саналатын Шанхай қаласындағы Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясы қарсаңында бас қосудың символдық мәні зор екенін айтты.

Президент: Қазақстан қытайлық инвесторлар үшін әрдайым қолайлы бизнес орта жасауға дайын екенін жеткізді.

Фото: Ақорда

Тоқаевтың Қытайға сапары кезінде 70-тен астам коммерциялық келісімге қол қойылды.

Фото: Ақорда