— Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелониді елорда әуежайынан шығарып салды, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, кеше кешке Италия премьері Қазақстанға ресми сапармен келді.
Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Орталық Азия — Италия» алғашқы саммиті өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы «Орталық Азия мен Италияның» мәдени қозғалыс жылы ретінде атап өтуді ұсынды.
Сондай-ақ «Орталық Азия Италия» саммитінің қорытынды декларациясы қабылданды.