Президент ел игілігі жолындағы табысты әрі адал қызметі үшін Ғизат Нұрдәулетовке алғыс айтты

АСТАНА. KAZINFORM – Президент ел игілігі жолындағы табысты әрі адал қызметі үшін Ғизат Нұрдәулетовке алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Ғизат Дәуренбекұлы кәсіби біліктілігі мен қажыр-қайратын ел мүддесін қорғау мен тұрақтылығын нығайтуға арнағанын атап өтті.

Фото: Ақорда

Бұл туралы өзінің Telegram арнасында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды.

Сонымен қатар Президент оның мемлекеттік саясатты ілгерілетуге және ауқымды реформаларды сәтті жүзеге асыруға айрықша атсалысқанына тоқталды.

Осыған дейін Президент ақын Валерий Михайловты 80 жасқа толуымен құттықтаған болатын.