Президент Елена Рыбакинаны теннистен АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны теннистен АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда

— Бұл — Сіздің әлемнің бірінші ракеткасы атағына лайық екеніңізді растайтын тамаша табыс. Сіз тағы да асқан шеберлік пен табандылық танытып, жоғары мәдениетіңізбен көпшілікті тәнті еттіңіз. Қазақстан халқы жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Ерен жеңісіңіз жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын! Сіздің кәсібилігіңіз Қазақстанның жас теннисшілері үшін үлгі-өнеге, — делінген құттықтауда. 

Айта кетейік, Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина тарихи кездесуде US Open-2026 чемпионы атанды. Ол финалда Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңіп, 5,5 млн доллар көлемінде жүлде қорының иегері болды.