Қасым-Жомарт Тоқаев Ельцин атындағы президенттік кітапханаға барды
19:04, 21 Желтоқсан 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Б.Н.Ельцин атындағы президенттік кітапханаға барды, деп жазды Ақорда.
Мемлекет басшысын Ресей Президенті Владимир Путин қарсы алды.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Санкт-Петербург қаласына барды.