– Баршаңызға мәлім, қазір еліміздің алдында маңызды міндеттер тұр. Бәріміз бір ел болып «Халықтық құрылыс» бағдарламасын іске асыратын болдық. 2027 жыл «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» болмақ. Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналады, – деп атап өтті Президент.
Еліміз бойынша әртүрлі әлеуметтік нысандар – балабақшалар, мектептер, кітапханалар, ауруханалар, емханалар, оңалту орталықтары, спорт инфрақұрылымы және басқа да ғимараттар, өндіріс орындары, жолдар, вокзалдар, әуежайлар салынады.
– Барлық өңірде мыңдаған жұмыс орны ашылады. Отандық кәсіпкерлерге мол мүмкіндіктер беріледі. Тәуелсіз Қазақстанның төл тарихында мұндай ауқымды жоба бұрын-соңды болған емес. «Халықтық құрылыс» – мазмұны кең, мән-мағынасы терең нағыз халықтық жоба. Біз ел игілігіне қызмет ететін нысандар салып, тұтас мемлекетіміздің келбетін жаңартамыз, бүкіл ұлтымыздың сана-сезіміне серпін береміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кеше Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын арттырудың жалғыз жолы – құрылыс деп атаған еді.