«Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа Үштөбе қаласындағы (Алматы облысы) православ зиратын қиратқан бұзақыларды заң жүзінде қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берілді», деп атап өткен Президент өз жазбасында.
22:14, 29 Қаңтар 2022
Президент Ішкі істер министріне Үштөбедегі зиратты қиратқандарды жауапкершілікке тартуды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министріне Үштөбедегі зиратты қиратқандарды жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.