Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды, деп хабарлайды Kazinform.
Ақорданың ресми сайтының жазуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытаймен барлық бағыт бойынша ықпалдастықты жандандыруға ниетті екенін айтты.
"Кездесуде сауда, ауыл шаруашылығы, энергетика, жаңа технология, көлік және логистика салаларындағы өзара тиімді қатынастарды одан әрі арттыру маңызды екені атап өтілді. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселесіне де назар аударылды", - делінген ақпаратта.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.