Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Фото: Ақорда
Фото: Kazinform

Мемлекет басшысы кесене аумағында жерленген ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен басқа да әйгілі тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Әкімшілігінің бірқатар қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталғанын жазған едік.