Президент көмекшісі мен Білім министрі ауыл мектебінің құрылысын қаржыландыру мәселесін шешіп берді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева мен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ақмола облысының Целиноград ауданы Қажымұқан ауылындағы №4 мектепке барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін ауылтұрғыны, журналист, қоғам белсендісі Азамат Кеңесұлы Facebook-те 150 балағаарналған мектепте 600 баланың білім алып жатқанын айтып, шағымданған болатын.

«Мектеп ішініңқаншалықты тар екенін өзіңіз осы цифрлық айырмашылықтан байқап отырғаншығарсыз. Жаңа оқу жылында бала саны тағы да арта түспек. Бірнеше жүз балаонсыз да қала мектептеріне қатынап оқиды. Мектеп 9 сыныптық. 10, 11-ге көшкенбалаларымыз тағы қала жағалап жүреді. Жауын-шашын, қар, боран, дауылды күндерібалаларын қалаға оқуға жіберген ата-аналар жандарын шүберекке түйіп отырады.Бұл қашанғы жалғаса бермек?!», - деп жазды ол.

Өз сөзіндежурналист Президенттің «үш ауысымдық» мектептерді жою туралы тапсырма бергенін,ауылдағы жаңа мектеп құрылысының тұралап қалғанын атап өтті.

«Қазір ауылда ресми600-дей бала мектепке барып жүргеніне қарамастан мемлекет былтыр 300 орындықмектеп құрылысын бастады. Хош! Жоқтан жақсы деп халық оған да көнді. Бірақ,оның өзі сағызша созылып, құрылыс жертөленің төңірегінен әрі аса алмай жүр.Бәріне кінәлі - қаржыландыру. Мектеп құрылысы ҚР Үкіметінен (БҒМ)қаржыландырылғандықтан облыс әкімшілігі де қауқарсыздық танытып отыр. Жоспарбойынша мектеп биыл желтоқсан айында пайдалануға берілуі тиіс. Бірақ, мердігер компанияқаржы толық жетпейді деп асығар емес. Сондықтан Сізден мектеп құрылысына қажетқаражатты биыл толық беруге ықпал етуіңізді сұраймыз. Біздің балаларды осынауқиындықтан дереу құтқаруға көмектесуіңізді сұраймыз, әрі талап етеміз! Егербіздің сөзіміздің шын екеніне күмәндансаңыз күш атасы - Қажымұқан ауылындағымектептің қазіргі жағдайын көзіңізбен көруге шақырамыз!», - деді А. Кеңесұлы.

Өз жазбасындажурналист Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовты, оның кеңесшісіЕрболат Мұхамеджанды, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықбаевты және ҚРПрезидентінің көмекшісі Аида Балаеваны белгіледі.

Келесі күні АидаБалаева мен Асхат Аймағамбетов Қажымұқан ауылына арнайы барып, жаңа мектепқұрылысын тексерді.

«Сөзден іске! ҚРПрезиденттің жаңа көмекшісі Аида Балаева халықтың арыз-шағымын анда-мындажолдауды доғарып, мәселенің нақты шешілуін қадағалайтынын мәлімдеп еді. БүгінАида Ғалымқызы еліміздің бас ұстазын ілестіре Қажымұқан ауылындағы мектепқұрылысына қатысты қалыптасқан ахуалды көзбен көрді. Көріп қана қоймай,мәселеге нүкте қойып кетті. Құрылысқа қажет қаражат биыл толық бөлінетін болды.Бұл елімізде халықпен кері байланыстың басталғанын аңғартады», - деп жазды Азамат Кеңесұлы парақшасында.

Өз сөзінде ауылтұрғыны халықтың өтінішімен екі лауазымды тұлғаның ауылға арнайы келуінің басқашенділер үшін зор сабақ болғанын атап өтті.

«Сөйтіп, көмекшімен министр бір қадаммен мың адамның тағдырын бір сәтте шешіп кетті. Бұл –үлкен өзгерістің басы. Және Президент көмекшісі азаматтардың арыз-шағым,өтініштерін ұсақ-үлкен деп қарамай, барлығына мән беретінін айтып отыр. Керекдесе барлық ауыл-аймаққа баруға дайын. Қысқасы, билік өкілдері де, үкімет те ісжүзінде жаңа қоғамға қадам басты. Біз де қалыс қалмайық! Ел жанашырлары артаберсін!», - дейді А. Кеңесұлы.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар