Президент Конго Африка құрлығындағы Қазақстанның маңызды серіктесі санайтынын айтты

АСТАНА.KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо мен оның отандастарын ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Фото: Ақорда

Президент еліміз Конго Республикасын Африка құрлығындағы маңызды серіктес санайтынын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дени Сассу-Нгессоның жауапты қызметіне толайым табыс, достас Конго халқына құт-береке тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Үндістан Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.