«Үкімет пен Ақмола облысының әкіміне Қосшы ауылы тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін тез арада шешуді тапсырдым. Бұл - тұрғындардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін жүйелі инфрақұрылымдық проблема», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, елорда маңындағы Қосшы ауылында төтенше жағдай орын алып, кей тұрғындар ауыз сусыз қалған болатын. Бүгін Төтенше жағдайлар комитеті бұл мәселе жақын арада шешілетінін мәлімдеді.