ТЖК Қосшыдағы ауыз су мәселесі бойынша түсініктеме берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер елордаға жақын Қосшы ауылындағы ауыз су мәселесін түсіндірді , деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол жақта ауыз су жинақтайтын екі қондырғы бар. Біреуінде 6 ұңғыма, аталған қондырғы жұмыс істеп тұр. Оған қоса, тағы бір қондырғыны салу жұмыстары басталған болатын. Онда 14 ұңғыма бар. Дәл осы қондырғының 9 ұңғымасын су басып қалды. Олардың бәрі істемей тұр, қалғаны дұрыс. Негізі, ол қондырғының құрылысы әлі аяқталған жоқ. Ресми түрде пайдалануға да берілмеді. Алайда ол жерден ауыз су тұрғын үйлерге беріліп тұрады», - деді В.Беккер елордада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, тәртіп бойынша жаңа су қондырғысының айналасын топырақпен үйіп тастау қажет. Сонда ішіне су кірмейді. Бірақ ондай шаралар атқарылған жоқ.

«Негізі, қазір Қосшыда су бар. Маған солай баяндады. Бірақ тұрғын үйлерде ауыз су жоғары қабаттарға жетпей жатыр. Қысым аз, сол жағынан қиындық бар. 4-5 қабаттарға жетпей жатыр деді», - деп атап көрсетті В.Беккер.

Соңғы жаңалықтар