ҚР Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағандай, Президент кубогында алғаш рет Олимпиада бағдарламасына енген бес салмақ дәрежесіндегі боксшы арулар шаршы алаңда жұдырықтаспақ.
Президент кубогына олимпиадалық салмақ дәрежелерінде қатысатын Қазақстан командасы:
51 келі: Н. Қызайбай, Ж. Шекербекова, А. Лукас, Ж. Әбдірайымова;
57 келі: А. Ходжабекова, С. Сұлтанқызы, Д. Келімбет, В. Кухта;
60 келі: Р. Волосенко, К. Ибрагимова;
69 келі: Д. Шәкімова, М. Вольнова, Д. Ақбаева, М. Нұржаева;
75 келі: А. Бақытжан, А. Бегділда, Н. Рябец, Г. Садықова.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін бокстан Президент кубогіне қатысатын ерлер құрамасының тізімін жариялаған болатынбыз.