Президент Құрылтайдағы партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Құрылтайындағы саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорда

Кездесуде Президент жаңа Конституцияның 46-бабына сәйкес Премьер-министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция жетекшілерімен кеңесуге тиіс екенін айтты.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Талқылауға «Әділет» партиясы фракциясының жетекшісі Ербол Адаев, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Қайрат Айтуғанов, «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Дания Еспаева, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов қатысты. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Айта кетелік бүгін Құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынған еді