Президент күзет қызметіне қатысты құжатты мақұлдады

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Президенттің күзет қызметіне қатысты құжатқа қол қойғанын хабарлады.

- Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі, тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген ақпаратта.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Канада Премьер-министріне көңіл айтты.