«Жазғы демалысты қысқартып, үш тілде білім беру жүйесін енгізу жөніндегі Білім және ғылым министрінің мәлімдемесіне қатысты да халықтың сұрары бар. Бұл жерде де Үкімет қоғамның пікіріне құлақ асуы керек, дәстүрлі түрде өтіп жүрген ұстаздардың тамыз конференциясында осы мәселені бүге-шүгесіне дейін талқылауға болады.
Оқу жылын ұзарту мен үш тілде білім беру мәселесін талқылауға Қоғамдық кеңестер де тартылып, жаңа пікірталас алаңдары пайда болу керек. Сондықтан, әрбір министр мен әкімге өз уәкілеттілігінің аясында осы реформаның әрқайсысына қатысты қоғамның не ойлайтынын біліп, сараптама жасауды тапсырамын», - деді Президент.