Мемлекет басшысы New Generation School Astana ғимаратына барды

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Елорда нысандарын аралау барысында Мемлекет басшысы Нұра ауданында орналасқан NGS Astana жеке меншік білім беру мекемесінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

1320 оқушыға есептелген мектеп жаратылыстану-математика және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттарында білім береді. Әсіресе, математика мен ағылшын тілі тереңдетіп оқытылады.

Фото: Ақорда

Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қажетті барлық жағдай жасалған.

Фото: Ақорда

Оқушылар үш мезгіл тамақтандырылады. Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға қолайлы орта қарастырылған.

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мектеп құрылысының бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары аясында бой көтергені жөнінде баяндалды. Қаржының 40 пайызын «Даму» қоры кредит ретінде бөлген.

Фото: Ақорда

Президент оқу кабинеттерін, кітапхананы, спорт залын аралап көрді. 

Фото: Ақорда

Бұдан бұрын Тоқаев Tanym көпфункционалды кешенін аралағанын жазғанбыз.