Президент «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысу үшін Қабылдаулар сарайына барды

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысу үшін Душанбедегі Қабылдаулар сарайына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды.

Мемлекет басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.

Президенттер Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейіл екендерін растады.

Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық жүзеге асырудың маңызына тоқталды.

Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға «Орталық Азия – Ресей» саммитін, сонымен қатар ТМД мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын табысты өткізуге тілектестік білдірді.