Президент Садыр Жапаров Камчыбек Ташиевтің отставкаға кетуіне қатысты түсінік берді
АСТАНА. KAZINFORM – Қырғызстан президентіСадыр Жапаров Камчыбек Ташиевтің Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы қызметінен кетуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Кабар ақпарат агенттігі.
- Мен бұл шешімді ең алдымен мемлекетіміздің мүддесі үшін, қоғамдағы, соның ішінде мемлекеттік органдар арасындағы бөлінудің алдын алу және керісінше – бірлікті нығайту мақсатында қабылдадым, - деп жеткізді президенттің сөзін оның баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов.
Осыған дейін Қырғызстанның ҰҚМК басшылық құрамында ауыс-түйіс болғанын хабарладық.
Қамчыбек Ташиев министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – ҰҚМК төрағасы қызметінен босатылды. Сондай-ақ төрағаның үш орынбасары қызметінен босатылды.
ҰҚМК төрағасының міндетін атқарушы болып Жумгалбек Шабданбеков тағайындалды. Оның кандидатурасы Қырғызстан Республикасы Жогорку Кенешіне ҰҚМК төрағасы қызметіне тағайындауға бекіту үшін ұсынылып отыр.