Президент сайлауы: Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батырда да дауыс беру басталды
05:55, 20 Қараша 2022
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр қалаларында дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, бүгін, 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді.
Алғашқылардың бірі болып Жапония мен Оңтүстік Кореядағы сайлау учаскелері жұмысын бастады.
Токио мен Сеулден алғаш болып қазақстандық кәсіпкерлер Сырымбек Тау мен Юрий Цой дауыс берді.