Президент Таиландтың Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы Таиландтың Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Таиландтағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты осы елдің Премьер-министрі Пхэтхонгтхан Чинаватқа және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.

Президент табиғат апаты кезінде жарақаттанғандардың тез арада сауығып, отбасыларына дін аман оралуына тілектестігін білдірді.

Осыған дейін Мьянма мен Таиландта күшті жер сілкінісі болып, Бангкокта көпқабатты үй қирағаны туралы жаздық.

Сондай-ақ Таиланд премьер-министрі Бангкокты «төтенше жағдай аймағы» деп жариялады.