Президент тапсырмасынан кейін Марқакөлде браконьерлер ұсталып, қамауға алынды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл көлінде заңсыз балық аулап келген қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы операция өткізді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Ішкі істер министрлігіШығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл көлінің аумағында ұзақ уақыт бойы браконьерлікпенжәне майқан балығы уылдырығының заңсыз айналымымен айналысқан қылмыстық топтыңкриминалдық іс-әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді. Нәтижесінде,«Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіқызметкерлерінің және балық ресурстарын заңсыз аулауға, сатуға қатысы бар басқада адамдардың браконьерлік әрекеттері әшкереленді. Олар аталған айырықшақорғалатын нысанда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің орнына өздері заңсызәрекеттерге барған», - деді ведомстводан.

Мәлім етілгендей,уылдырықты өткізудің негізгі арнасы жойылды, ұйымдастырушылары ұсталып, қамауғаалынды. Майқан балығын браконьерлік жолмен аулауға, сатуға қатысы бар өзге деадамдарды анықтап, ұстау бойынша жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

«Жүргізілгенжедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 90 литр уылдырық, мыңнан астам заңсызауланған майқан балығы, сондай-ақ 3 млн 800 теңге сомасында ақшалай қаражат,балық аулайтын торлар, рация және тіркелмеген пистолет алынды. Тергеу барысындааталған кезеңде Марқакөл көлінен бір тоннадан астам майқан балығы заңсыз ауланғаны анықталды. Уылдырықты алғаннанкейін қылмыскерлер балықты күзетілетін аймақтағы жерге көміп кеткен. Бұрынтоқтатылған 4 қылмыстық іс өндіріспен қайта жаңғыртылды. Осы істер бойынша 22млн теңгеден астам қаржыны құрайтын 4 тонна майқан балығы алынды», - дедіІІМ-нен.

Қазіргі уақытта тиістісараптамалар тағайындалды. Соның негізінде табиғи қорықтың қоршаған ортасынакелтірілген экологиялық залал анықталтын болады.

Сондай-ақ, ІІМ аталған аймақтыңбраконьерлікпен байланысты проблемалық мәселелерін қарастыруда.

Еске салсақ,Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл көлінде заңсыз балықаулап жүрген қылмыстық топпен күресуді тапсырған болатын.