Президент ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабаралады. 

Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер басшыларының кездесуіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Ресей Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты. 

Фото: Ақорда

ТМД басшылары өзара ынтымақтастықтың негізгі даму бағдары мен қадамдарын талқылады.

Сондай-ақ Ұйым аясындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен ТМД басшылары Эрмитажды аралағанын жазған едік.